Баходир Жалаловтың жекпе-жегі өтпейтін болды
Осы аптада, 14 сәуірде Ташкент қаласындағы «Humo Arena» кешенінде «IBA Champions Evening» бокс кеші өтеді.
Бұл кеш аясында аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Баходир Жалолов хорватиялық Смакичи Агронмен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ жекпе-жекке үш күн қалғанда бұл жекпе-жек тоқтатылды.
«Сіздерге 14 сәуірдегі жекпе-жегім болмайтыны жайлы хабарлаймын. Барлығы Алладан, басты назар алдағы Париж Олимпиадасына аударылады. Алла қаласа біз мұны орындаймыз. Мені кез келген жағдайда қолдайтындарыңызға көп рахмет», - деп жазба қалдырған Жалолов.