Баходир Джалолов «Топ ранкта» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Токио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық боксшы Бахадир Джалолов «Топ ранкта» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
АҚШ-тың Оклахома штатындағы Талса қаласында өткен бокс кешінде Баходир ауыр салмақта нигериялық Онориоде Эхвариомемен жұдырықтасып, 8 раундтық жекпе-жектің бірінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жекпе-жектен кейін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы, аты аңызға айналған 92 жастағы Боб Арум Джалоловты жеңісімен құттықтады.