Бахадир Джалолов рингке шығады
2025 жылдың 6 ақпанында Канаданың Монреаль қаласында кәсіби бокс кеші ұйымдастырылады. Бұл кеште аса ауыр салмақ дәрежесіндегі өзбекстандық боксшы Бахадир Джалолов рингке шығады.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Бахадир көптен күткен кәсіби бокстағы жекпе-жегін франциялық Давид Спильмонтпен өткізеді.

Давид Спильмонт осы уақытқа дейін 27 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен, 8 рет жеңіліп, 1 кездесу тең аяқталған. Оның жеңістерінің 11-і нокаутпен аяқталған.
Айта кету керек, Бахадир Джалолов кәсіби бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет ол 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте ОАР өкілі Крис Томпсонмен кездесіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.