Германияның Бавария Федералдық аймағында орналасқан Нойборн қаласының орталығындағы «Beuerer Halle» залда «Өзбекстан мәдениеті кеші» өтті.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Берлиндегі Өзбекстан елшілігі мен Туризм және мәдени мұра министрлігі, «Ұлттық PR» қолдауымен өткен шараға 200-ге жуық қонақ қатысып, онда Өзбекстанның бай тарихы, қайталанбас мәдениеті мен ұлттық аспаздық өнері көрсетілді.
Шара басында қатысушылар назарына Өзбекстанның бай туристік әлеуеті таныстырылды. Онда Өзбекстанда кейінгі жылдардағы туризмді одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды реформалар мен олардың елеулі нәтижелеріне ерекше назар аударылған.
Қатысушылардың назары Еуропа елдерінен келетін туристер үшін визалық жүйенің алынып тасталғаны, туристік инфрақұрылымның дамуына, Өзбекстанда түрлі жаңа туристік пакеттер мен маршруттардың әзірленіп жатқанына аударылды.
Биыл 10-16 сәуірде Нойборн бургомистрі қатысуымен туристер тобы Өзбекстанға келеді. Сонымен қатар, қаланың тылсымшылары мен шығыстанушыларынан құралған 12 адамнан тұратын шағын туристік топ келесі бағыт ретінде Өзбекстанды таңдады. Жоспар бойынша бұл топтың гастрольдік сапары осы жылдың 27 сәуірі мен 12 мамыры аралығында Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалалары арқылы өтеді.