Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Бавария» қорғаушысы Лукас Эрнандес 6 айға бас бостандығынан айырылды
11:52 / 2021-10-14

«Бавария» клубының франциялық футболшысы Лукас Эрнандес 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Тиісті ақпарат Мадрид жоғары сотының баспасөз хабарламасында жарияланған. Онда Лукас 6 айға қамақ жазасына кесілгені көрсетілген.

AS басылымының хабарлауынша, Эрнандес Мадридтің «Атлетико» клубындағы кезеңінде 2017 жылы қазіргі жары Амелия де ла Оса Лорентемен арадағы жанжалға байланысты оған көшеде соққы жасаған. Ал бұл жағдай сотқа дейін барып, Мадрид соты футболшыға жаза ретінде 31 күн қоғамдық жұмыстар мен Амелияға 500 мерт жақын келмеуге шешім шығарған. 

Алайда екі жас сол жылдың өзінде-ақ арадағы келеңсіз жағдайды ұмытып, Маямиде тұрмыс құрады. Бірақ сот шешімнің күшін жоймаған. Осыған байланысты Мадрид соты футболшыға 6 айлық түрме жазасын кесті. 

Футболшының адвокаттары бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Соңғы шешім 19 қазанда белгілі болмақ. Егер сот шешімі өзгермесе футболшы қамауға алынады.