Мюнхеннің «Бавария» клубы ел біріншілігінде қатарынан 9 маусым жеңіске жетіп, Бундеслига тарихында 31-ші рет чемпионы атанды.
Лига ойындарының 32-туры аясында «Бавария» өз алаңында «Боруссияны» (Мёнхенгладбах) 6:0 есебінде жеңді. Ал турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «РБ Лейпциг» қонақта Дортмундтың «Боруссиясынан» жеңіліп, Ханс Флик командасының мезімінен бұрын чемпион болуына түрткі болды. Өйткені екі команда арасындағы ұпай айырмасы 10-ға алшақтап кетті. Енді «РБ Лейпциг» клубы бұл маусымда «Баварияға» жеталмайды.
Осылайша Мюнхеннің «Бавария» клубы ел біріншілігінде қатарынан 9 маусым жеңіске жетіп, Бундеслига тарихында 31-ші рет чемпионы атанды.
Маусым аяқталысымен Ханс Флик клубтағы бас бапкерлік қызметін аяқтап, Германия ұлттық құрамасында жұмыс бастайды. Ал, оның орнына «Бавария» клубын жаңа маусымнан қазіргі «РБ Лейпциг» клубының жаттықтырушысы Юлиан Нагельсман иелейтін болады.