«Бавария» Бундеслига чемпионы атанды
Мюнхеннің «Бавария» клубы қатарынан 10-шы рет Бундеслиганың чемпионы атанды.
Германия чемпионатының 31-туры орталық кездесуінде «Бавария» екінші орында тұрған Дортмундтық «Боруссияны» (63) 3:1 есебінде жеңді. Гнабри, Левандовски және Мусиаланың голдарына, Дортмундтық клубтың жауап голын жартылай қорғаушы Эмре Джан пеналтиден соқты.
Осылайша биылғы маусымның аяқталуына 3-тур қалғанда «Бавария» клубы ұпай санын 75 жеткізіп мерзімінен бұрын чемпион болды. Мюнхен клубы өз тарихында 32 мәрте ал, соңғы 10 жылда қатарынан 10-шы рет Бундеслиганың чемпионы атанды.