Батыстық беделді баспада «Джейран» атты оқу-жаттығулар жөнінде мақала жарық көрді
Оқу-жаттығуларға БҰҰ, ЕО, ШЫҰ, Еуропа, Африка және Азияның 15 елінің сарапшылары қатысты
Еуропалық Одақтың (ЕО) «European Security and Defence Union» атты беделді журналының кезекті санында Өзбекстан Республикасы Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Бахтиёр Гулямовпен сұхбат және Химиялық және бактериологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның орындалуын қадағалау инспекциясының басшысы Отабек Касымовтың мақаласы жарияланды.
Осынау мақала 2019 жылы 13-14 қараша аралығында Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс институтының оқу полигонында өткен «Джейран» контртерроризмге қарсы химиялық және биологиялық жаттығуларға арналды. Оқу-жаттығулар Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасына сай ЕО-ның химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық озық орталықтары бастамасы аясында 2018-2021 жылдарға арналған химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық саладағы қауіпсіздікті орындау бойынша халықаралық құжаттарды жүзеге асыру туралы Өзбекстан Республикасының Ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Азаматтық қорғаныс институтының оқу полигонында өткен «Джайрон» атты оқу-жаттығуы ең ауқымды жаттығулардың бірі болып, оған құқық қорғау органдарының 250-ден астам жауынгерлері мен мамандандырылған мекеме мамандары, халықаралық сарапшылар қатысуымен 235 арнайы техника қолданылды.
Оқу-жаттығу кезіндегі жағдай шындыққа барынша жақын сәйкестендіре ұйымдастырылғандықтан, онда қолда бар барлық күштер мен құралдар, соның ішінде роботты техникалар, арнайы үйретілген иттер көмегінде орындалды және осы аттығуларға Ауғанстан, Моңғолия және Қырғызстаннан арнайы мамандар тартылды.

Бұдан бөлек оқу-жаттығуларға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Өңірлік антитеррорлық құрылымының өкілдері, алдыңғы қатарлы бес тәжірибенің аймақтық хатшылықтарының жетекшілері мен үйлестірушілері, Еуропа, Африка және Азияның 15 елінің сарапшылары да қатысты.
Оқу-жаттығулар соңында жоғары кәсіби дарындылық пен практикалық дағдыларды көрсеткен қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропалық Одақпен қарым-қатынастар нығая түсті. 1996 жылы қабылданған бұл Ынтымақтастық туралы келісім тиімді байланыстарды дамыту үшін маңызды негіз болды және екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтті. Бүгінгі таңда ЕО мен Өзбекстан сауда, инвестиция, зияткерлік меншік, адам құқықтары, мәдениет және қауіпсіздік саласында жақсы қарым-қатынас жасайды.