Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды
10:38 / 2024-04-02

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды.

KAZINFORM мәліметінше, БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шыққан.

Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылған.

«Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін, БҚО-да Орал қаласы мен Бөрлі, Теректі, Қаратөбе және Сырым аудандарында төтенше жағдай жарияланған еді.