Бас прокуратура: Кеден қызметкерінің үйінен пара ретінде алған 311 мың доллар ақша табылды
Өзбекстан Бас прокуратурасында Бас прокурор Н.Юлдашевтың төрағалығымен министрліктер мен ведомстволарда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайлары туралы ведомствоаралық кеңес өтіп жатыр.
Отырыста «Арк бұлақ» кеден бекетінің бастығы бастаған бір топ кеденшілер пара алу есесіне түрлі құрылымдар әкелетін тауарлардың құнын төмендетіп, мемлекетке 9 миллиардқа жуық қаржы зиян келтіргені туралы айтылды.
Дәл осы қылмыс бойынша тергеу барысында кеден бекетінің бастығының үйін тінту кезінде пара ретінде алынған 311 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша табылған. Бұдан бөлек Бостанлық ауданында 8 сотық саяжайлы үй салғаны, «Ташкент Сити» тұрғын-үй кешенінен 2 пәтер және тұрғын емес ғимарат сатып алғаны және қылмыстық жолмен түскен ақшаның орнына «Каптива» маркалы автокөлігін сатып алғаны анықталды.