Бас Прокуратура Г.Каримованың «шетелдегі активтерін» Өзбекстанға қайтаруда
Өзбекстан аумағындағы тұрғылықты мекен-жайларынан 985 түрдегі тарихи-мәдени және көркемдік құндылығы жоғары 12,7 млрд сумдық өнер туындылары табылған
Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Гунара Каримова жөнінде тағыда ресми мәлімдеме жасап, оның шетелдегі нақытлай айтқанда Швейцария, Франция, Ресей Федерациясы, Латвия және басқа елдердегі заңсыз әрекеттермен иемденген активтерін мемлекетке қайтару жұмыстары Әділет министрлігімен бірлесе атаулы елдерің құзырлы органдары ынтымақтастықта жұмыс жүргізуде.
Осы ынтымақ аясында Швейцария федерал прокуратурасы және эксперттерді топтастыру арқылы Г.Каримованың Женевадағы вилласында тінту кезінде табылған және тәркіленген 70 түрдегі өнер туындылары қазірде (картиналар, қолданбалы өнер және қолөнер т.б.) ұлттық қазынаға қатысты екені анықтау және оларды Өзбекстанға қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Г.Каримованың Өзбекстан аумағындағы тұрғылықты мекен-жайларынан 985 түрдегі тарихи-мәдени және көркемдік құндылығы жоғары 12,7 млрд сумдық өнер туындылары (картина, сузанналар, ұлттық ою-өрнектер, керамика, ағаштан жасалған бұйымдар т.б.) анықталып олар сот шешімімен жергілікті тарихи мемлекеттік мұражайларға табысталған.
Жуырда ғана Жоғары сот Г.Каримованың және ол басқарған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты бопсалау, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз келген қаржыны шетелдерде заңдастырумен айналысқан сынды айыптаулармен сот процесінің басталғандығын хабарлаған еді. Осы оқиғалардан сәл алдын Бас прокуратура Каримованың швейцариялық қорғаушысы Грегуар Манжаның Өзбекстанға кіруіне тыйым салған болатын.