Бас прокуратура екі ресейлік азаматқа іздеу жариялады
Бас прокуратура тарапынан Комил Алламжоновқа жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық іс аясында Ресей Федерациясының азаматтары Бислан Расаев пен Шамиль Темирхановтың заңсыз түрде Өзбекстанға кіріп-шығу, қылмыс туралы хабарламау және атыс қаруын заңсыз сақтау сияқты әрекеттерді жасағаны анықталды.
Б. Расаев пен Ш. Темирханов Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сырттай айыпталушы ретінде, оларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды және іздеу жарияланды.