Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Барселона үш футболшыдан тыс қалған ойыншыларды трансферге қоятын болды
11:29 / 2020-05-21

«Ньюкасл» клубын сатып алған Сауд Арабиялық инвесторлар Антуан Гризманнға 120 миллион еуро беруге дайын екенін білдірген


Каталонияның «Барселона» клубы банкрот алдында тұр. Мұны болдырмаудың бір жолы футболшыларды сату.

Британдық «The Sun» басылымының хабарына сай, «Барселона» клубы қаржылық дағдарыстың алдын алу мақсатында құрамдағы үш футболшыдан басқа, ойыншыларды трансферлік терезеге шығаруға шешім қабылдаған. Қазірге Месси, Френки де Йонг және Тер Штеген клубта қалады. Суарес, Гризманн, Пике сынды жұлдызды футболшылар клуб бюджетін толықтыру және жылдық жалақыны қысқарту мақсатында басқа командаларға сатылады. Қазіргі есеп бойынша футболшылардың жылдық жалақысы 550 миллион фунтты құрайды.

Бұған дейін, коронавирустық пандемияның арқасында клуб футболшыларға айлық жалақы төлеуге шамасы жетпей тұрғаны белгілі болып, футболшылар айлығының 70 пайызынан бас тартқан болатын.

Англия Премьер-лигасындағы «Ньюкасл» клубын 345 миллион еуроға сатып алған Сауд Арабиялық инвесторлар Антуан Гризманнға 120 миллион еуро беруге дайын екенін білдірген.