«Барселона» мен «Манчестер Сити» клубы қайырымдылық кездесуін өткізеді
Испанияның «Барселона» және АПЛ-дің «Манчестер Сити» клубы қайырымдылық кездесуін өткізеді.
Кездесу 24 тамыз күні Каталониядағы «Камп Ноу» алаңында өтетін болып, қайырымдылық кездесуінен түскен табыстың барлығы амиотрофиялық бүйірлік склерозды емдейтін ұйымға беріледі.