«Барселона» клубының президенті қызметінен кетті
Каталонияның «Барселона» клубы президенті Жозеп Бартомеу қызметінен кетті
Каталонияның «Барселона» клубы президенті Жозеп Бартомеу қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.
2014 жылдан бері каталондық клубтың президенті болып қызмет етіп келе жатқан Бартомеу өзінің директорлар кеңесімен бірге қызметінен кетті. Бұл шешім клуб басшылығының 27 қазандағы кездесуінен кейін қабылданған. Десе де 26 қазан күнгі баспасөзде Бартомеу қызметінен кетпейтінін айтқан болатын.
Бұл жағдайды Бартомеудің өзі «Мен өзімнің және директорлар кеңесінің отставкасын қабылдаймын. Бұл жалпы шешім», деп мәлімдеген.