Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Барселона» клубы Роналд Куманды жұмыстан босатты
11:58 / 2021-10-28

Каталонияның «Барселона» футбол клубы басшылығы 58 жастағы нидерландылық бапкер Рональд Куманды қызметінен босатты.

Бұл жағдай Ла Лига ойындарының 11-тур аясында «Барселона» сапарда «Райо Вальекано» клубынан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін белгілі болды.

Нидерландылық маман «Барселона» футбол клубына 2020 жылдың жазында келіп өткен маусымда Испания кубогын жеңіп алды. Чемпиондар лигасын 1/8 финалда аяқтап, Ла Лигада үшінші орын алды. Қазір клуб 15 ұпаймен 9 орында тұр.

El Chiringuito TV ақпартында клуб басшылығы, бұрынғы жартылай қорғаушы қазіргі кезде Қатардың «Аль-Садд» футбол клубында жұмыс істейтін Хавиді бас бапкер етіп тағайындамақшы.

Хави мансабының көп бөлігін «Барселона» сапында өткізді (1998-2015) және клубпен бірге 25 жүлдеге қол жеткізген. Оның 4 Чемпиондар лигасының жеңісі болса, 8 Испания чемпиондығы.