«Барселона» клубы Испания Суперкубогінде жеңімпаж атанды
Жидда қаласында өткен Испания Суперкубогі финалында «Барселона» мен «Реал» өзара кездесті. 7 гол соғылған қызықты матчта Каталония клубы өздерінің мәңгілік қарсыласын ірі есеппен жеңіп, Флик басшылық еткен алғашқы трофейін иеленді.
«Барселона» тарапынан Ямал, Левандовски, Рафиня (екі гол) және Балде, ал мадридтіктерден Мбаппе мен Родриго гол соқты.
Осылайша, «Барселона» Испания Суперкубогін 15-рет жеңіп алып, ең жақын қуып келе жатқан қарсыласы «Реал» (13) клубымен арадағы айырмашылығын арттыра түсті.