«Барселона» клуб теледидарын жабады
«Барселона» клубы Ла Лиганың қаржылық талаптарын қанағаттандыру үшін 30 маусымнан бастап клубтық теледидарды жабады.
Каталондықтар басшылығы Movistar Televisión платформасымен маусым айының соңында аяқталатын келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. 150-ге жуық қызметкер клубтың «Barca» телеарнасы жабылғаннан кейін жұмыстан босатылады, бұл бейсенбі күнгі жиналыста айтылған.
«Барселона» басшылығының шешімі Ла Лиганың қаржылық фейр-плейге қатысты талаптарына байланысты. Басшылық қазіргі уақытта клубтың имиджін және трансляция мазмұнын сақтаудың жаңа жолдарын іздеуде.