Каталонияның «Барселона» клубы Испания суперкубогының жеңімпазы атанды.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы «Король Фахд» халықаралық стадионында өткен финал кездесуінде «Барселона» Мадридтің «Реал» клубын 3: есебінде ұтты.
Тартысты өткен ойынның бірінші таймында каталондық клуб екі гол соғып, үзіліске сенімді жеңіспен шықты. Бастапқыда Гави есеп ашқан болса, таймның соңында Левандовски екінші голды соқты «2:0).
Екінші таймның 69-минутында Гави командасының үшінші голын соқты. 90+3 минутта Карим Бензема есеп айырмасын 3:1-ге дейін қысқарта білді.
Осылайша Хави Карло Анчелоттидің 2010 жылдан бері финалда жеңілмеген рекордын жаңартты. «Барса» 2018 жылдан кейін араға 5 жыл салып Испания суперкубогының жеңімпазы болды және өз тарихында 14-ші рет Испания суперкубогының иегері атанды. «Реал» еншісінде 12 кубок бар. Бұл жүлде «Барсаның» маусымдағы алғашқы жетістігі болды.