Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Барселона – Чемпиондар лигасының биылғы маусымында ең көп қаржы тапқан клуб атанды
14:11 / 2019-12-20

2018/19 маусымда Чемпиондар лигасына қатысқан клубтар 1 миллиард 976 миллион еуро қаржы тапқан


УЕФА 2018/19 маусымдағы Европа Чемпиондар лигасына қатысқан клубтардың осы маусымда қанша қаржы тапқандығы жайлы мәліметті жариялады.

Онда, 2018/19 футбол кезеңіндегі Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі мен плей-офф қатысушылары сонымен қатар УЕФА Суперкубок клубтары үшін барлығы 1 миллиард 976 миллион еуро төленген болып, бұл көрсеткіш өткен жылғы бағадан біраз жоғарылығы байқалады(1 миллиард 412 миллион евро).

Ал, осы маусымда ең көп қаржы тапқан клуб «Барселона» болып, оның бір жыл табысы 117,7 миллион еуроға жеткен. Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Ливерпуль» 111,09 миллион еуро тауып екінші орынға жайғассағ үшінші орында «Тоттенхэм» 101,6 миллион еуро қаржы тапқан. Кейінгі орындарда,

«Ювентус» - 95,5 миллион еуро
«Манчестер Юнайтед» - 93,4 миллион еуро
«Манчестер Сити» - 93,2 миллион еуро
«ПСЖ» - 85,8 млн еуро
«Атлетико» - 85,6 миллион еуро
«Реал» - 85,3 миллион еуро
«Бавария» - 82,8 миллион еуро