Өзбекстан аумағындағы білім беретін барлық мектептер «Oʼzbektelekom» комапниясы арнайы әзірлеген «Edusation» тарифіне қосылуда.
Халық білім министрлігінің мәліметінше, елдегі барлық мектептер жергілікті бюджет есебінен «Oʼzbektelekom» комапниясы әзірлеген арнайы «Edusation» тарифіне қосылуда. Орталықтандырылған келісімшарттардың нәтижесінде қазір 5 мыңға жуық жалпы білім беретін мектептер осы тариф жоспарына қосылды. Ал, қалған мектептерді кең жолақты интернетке қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Атаулы интернет тарифі бойынша, 500-ге дейін оқушы білім алатын мектептер үшін Интернетке қосылу жылдамдығы 10 Мбит/с құрайды, 1000-ға дейін оқушысы бар мектептерде 40 Мбит/с, 1000 және одан да көп оқушылары бар мектептер мен информатика және ақпараттық технологияларға мамандандырылған білім ошақтарында - 100 Мбит/с жылдамдықты қосу жоспарланған.
Жаңа тарифтің көмегінде оқушылар электронды білім ресурстарында (kitab.uz, edumarket.uz, edukids, Kundalik.com жүйесі және т.б.), ашық онлайн курстары мен қосымша білім алу үшін YouTube және басқа да сыртқы платформалардан пайдалана алады.