Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАҚ: Чарльз III тәжді ұлына табыстауға дайындала бастады
09:53 / 2024-02-27

Қатерлі ісік дертіне шалдыққан Ұлыбритания корольі Чарльз III тәжді мұрагерге беру жоспарын жасайды.

Daily Mirror дерегінше, Ұлыбритания королі Чарльз III өзінің мұрагеріне тәжді тапсыруға дайындықты күткеннен ерте бастады.

Мұрагерлік заң бойынша Чарльздың үлкен ұлы, ханзада Уильям Ұлыбританияның келесі королі болуы керек.

Британдық корольдік отбасының сарапшысы Том Куинннің айтуынша, мұрагерлік жоспарлар Чарльз III-тің қатерлі ісікке шалдыққаны туралы хабардан кейін көп ұзамай басталған. Корольдің ауруы анықталғанға дейін мұрагерлік мәселелері кем дегенде тағы он жыл бойы талқылануы күтілмеген еді. Ол бұл жағдайды Чарльз ауруының қауіпті екенін көрсетуі мүмкін деп санайды.

Еске салар болсақ, 5 ақпанда Чарльз III қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Букингем сарайының мәліметінше, ауру 75 жастағы монархта қуық асты безінің ұлғаюын емдеу кезінде анықталған.