Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАҚ: Apple корпорациясы «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алмақ
12:30 / 2022-11-25

Америкалық Apple корпорациясы АПЛ-дің «Манчестер Юнайтед» футбол клубын 5,8 миллиард фунтқа (7 миллиард доллардан астам) сатып алуды қарастыруда.

The Daily Star басылымының хабарлауынша, Apple басшылығы «Манчестер Юнайтедті» әлемдегі ең бай футбол клубына айналдыруды көздеп отыр. 

Жарияланған дерек бойынша, қазірше толық және ресми мәлімет айтылмаған. Сондай-ақ Apple мен «Манчестер Юнайтед» басшылығы бұл хабарға түсініктеме бермеді.

Әзірге Apple компаниясының өзі бұл ақпаратқа түсініктеме берген болса да, бас директор Тим Кук команданы сатып алуды қарастыруда. Бұл Apple TV + платформасында спорттық бағытты дамыту жобасының бір бөлігі болуы мүмкін екені айтылады БАҚ дерегінде.

22 қарашада «Манчестер Юнайтедтің» иелері, американдық Глейзер отбасы клуб үшін «стратегиялық баламаларды зерттеуді» бастағаны, сонымен қатар оны сатуды қарастырып жатқаны хабарланды.

Apple қазірде әлемдегі ең ірі технологиялық компания, оның жылдық табысы шамамен 326 миллиард фунт стерлингті құрайды және осы айда оның активтері 2 триллион фунт стерлингке бағаланған.