Бангладештегі жойқын жарылыс: Жеті адамдар қаза тауып, 50-ден астамы жараланды
28 маусымда Бангладеш астанасы Дакка қаласында жойқын жарылыс болып, оның салдарынан жеті адам қаза тапты және 50-ден астам адам жарақат алған
Reuters-тың хабарлауынша, жарылыс қаланың Могбазар ауданындағы үш қабатты үйдің бірінші қабатында болғандығы айтылған.
Дакка полиция комиссары Шафикул Исламның айтуынша, жарылыс салдарынан тағы жеті ғимарат пен үш автобус зақымданған. Жарылыс болған үйде электроника сауда залы, ет сататын дүкен мен мейрамхана болған. Осы жағдайдан кейін мұндағы дүкендер толығымен қирап, тек олардың сынықтары ғана қалған.
Жергілікті БАҚ жарылыс электроника салонында немесе сату орындарында газдың жоғары концентрациясына байланысты болуы мүмкін деп жазуда.