Бангладештегі жарылыстан 40-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды
Бангладештің Читтагонг қаласына жақын жерде орналасқан Ситакунда қаласындағы контейнер қоймасында күшті жарылыс болып, салдарынан 40-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.
India TV арнасының хабарлауынша, жарылыстың нақты неден болғаны белгісіз. Бірақ болжам бойынша кейбір контейнерлерде жанғыш химиялық заттар болуы мүмкін.
Жергілікті ауруханалар жаралыларға толып, үкімет еріктілерді қан тапсыруға шақыруда. Зардап шеккендердің кейбірі әскери госпитальдарға жатқызылған.
Жарылыстың қатты болғаны сонша, оның дыбысы бірнеше шақырым жерден естіліп, жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған.
Қауіпті химиялық заттардың теңізге ағып кетуіне жол бермеу үшін оқиға орнына әскерилер жұмылдырылған.