English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бангладештегі қатаң режимдегі түрмеден 200-ден астам тұтқын қашып кетті
09:57 / 2024-08-08

Бангладештің Газипур қаласындағы Қашимпур қатаң режимдегі түрменің тұтқындары елдегі наразылықтар мен тәртіпсіздіктер кезінде қашып кетті.

Jago порталы таратқан ақпаратқа сай, 209 тұтқын қашып кеткен. Олардың алтауы сол жерде оққа ұшқан. 

Түрме өкілі Субрата Кумардың айтуынша, тұтқындар 6 тамыз, сейсенбі күні түстен кейін қашуға тырысып, бүлік шығарған. Түрме күзетшілері араша түскенде, тұтқындар оларға шабуыл жасап, жағдай  армия күштерінің көмегімен ғана бақылауға алынған.

5 тамыз күні таңертең Бангладеште үкіметке қарсы жаппай шерулер кезінде қаруланған халық Бангладештің солтүстігіндегі Шерпур аудандық түрмеге басып кіріп, 500 тұтқын қашып кеткен.