Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бангладеште рохинджалық босқындар лагері өртеніп, 400 адам із-түзсіз жоғалып кетті
12:50 / 2021-03-24

Бангладештің Кокс-Базар маңында орналасқан рохинджалық босқындар лагерінде ауқымды өрт шығып кем дегенде 15 адам қаза тапты.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының осы елдегі өкілі Йоханнес ван дер Клаувтың хабарлауынша, өрт салдарынан 560 адам жарақат алып 400 адам із-түссіз жоғалған. 

Қазіргі кезде оларды ізздестіру жұмыстары жалғасуда. Қайтыс болғандардың тізімі жаңа есімдермен толығуы мүмкін. Өрт сейсенбіге қараған түні шыққан және бұл оқиғадан кейін 20 мыңнан астам босқын лагерьден басалып кеткен. Өрттің неден шыққаны белгісіз, қазіргі уақытта осы мәселе нақтылануда. 

Бангладеш миллионнан астам рохинджа мұсылмандарын қабылдады. Олардың көпшілігі Мьянмада болған қақтығыстан қашып осында паналаған.