Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бангладеште пойыз соқтығысып, 17 адам қаза тапты
16:20 / 2023-10-24

Бангладештің шығысында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Arab News басылымының хабарлауынша, ел астанасы Даккадан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде жолаушылар пойызы Бхайрабта жүк платформасына соғылған.

Теміржол полициясының басшысы Ановар Хуссейн «құтқару операциясы жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін» деп мәлімдеген.

Жүк пойызы жолаушылар пойызын артынан соғып, екі вагонды басып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызы ережені бұзған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталған.