Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Балтық теңізінде екі жүк кемесі соқтығысты
13:41 / 2021-12-13

Балтық теңізінің Швеция жағалауындағы Борнхольм аралына жақын жерде екі жүк кемесі соқтығысып, кемелердің бірі аударылып қалды.

SVT телеарнасының хабарлауынша, Оқиға 13 желтоқсан, дүйсенбі күні таңертең болған. Суға аударылған кеме Данияда тіркеуден өткен болса, екіншісі Норвегияда тіркеуде тұрады.

Оқиға салдарынан аударылған кеменің экипаж мүшелерінің бірнешеуі суға құлағаны айтылған. Бортта қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Іздеу жұмыстарына он шақты қайық пен бірнеше тікұшақ жұмылдырылған.