English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Балтимордағы көпірдің опырылуы салдарынан алты адам қаза тапты
10:38 / 2024-03-28

Балтимордағы Фрэнсис Скотт-Ки көпірі құлағаннан кейін алты жол жұмысшысы із-түзсіз жоғалып кеткен және өлген болуы мүмкін деп саналуда.

Бұл туралы АҚШ көлік министрі Пит Буттигиг брифингте мәлімдеген. Әңгіме оқиға болған уақытта көпірде түнде жол жұмыстарын жүргізген сегіз жұмысшы туралы айтылып жатыр. 

Тағы екі жұмысшы аман қалған, олардың біреуі ауыр жарақат алған.

Әзірге құлаған көпірдің құрылымдарын бөлшектеп, өзен арнасын тазарту бірінші кезекте тұр. Дали контейнерлік кемесінің тұмсығынан көпір қоқыстарын шығару бойынша жұмыс жоспары дайындалуда, деп хабарлаған жағалау күзеті.