Бакуден Самарқандқа жаңа әуе рейсі ашады
Әзірбайжанның ұлттық әуе компаниясы AZAL (Azerbaijan Airlines) Бакуден Самарқандқа рейс ашады және Ташкентке рейстер санын көбейтеді.
Баку қаласынан Самарқандқа әуе рейстері қазан айынан бастап ашу жоспарланған. Ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
AZAL компаниясы Ташкент-Баку-Ташкент бағыты бойынша рейстер санын аптасына 5 ретке дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта екі астана арасында дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері тұрақты әуе рейсі қатнауда. Жақын күндері олар қатарына бейсенбі және жексенбі күндері де жүзеге асырылмақ.