Бакуде Әлішер Науаидің шығармашылық мұрасын зерттеу бойынша халықаралық ғылыми конференция өтті
Түркі жұртының ұлы ақыны хәм шығыстың ойшыл данышпаны
Шығыстың шоқжұлдызы атанған ұлы ойшыл - түркі жұртының мақтанышы Әлішер Науаидың туғанына 579 жыл толуына орай Бакуде оның шығармашылығына арналған мәдени шара өтіп, онда Өзбекстандық бір топ әдебиеттанушылар мен тіл мамандары қатысты.

Атаулы шара Әзірбайжан астанасы Баку қаласында бой көтерген шығыс шайыры Науаидың ескерткішіне гүлшоқтарын қоюмен бастау алып, шараның жалғасында ақынның артта қалған мол мұрасын насихаттаушы ғылыми орта ашылды және оған Өзбекстан Жазушылары одағының сыйлығы ретінде 100-ден астам әдеби кітаптар тарту етілді.



