Баку орталығында атыс болып, үш адам зардап шекті
Әзірбайжан астанасы Бакуде атыс болып, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.
Әзірбайжан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, атыс қаланың орталығында Баку мемлекеттік циркінің жанында болған.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендердің бірі студент. Оқиғаның себептері, сондай-ақ жаралылардың жағдайы нақтыланбаған.
«Полицияға қала оратылғының Насими ауданында атыс қаруынан пайдалану арқылы салдарынан үш адамның зардап шеккені туралы ақпарат келіп түсті», - делінген Әзірбайжан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін жергілікті БАҚ қарулы оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің криминалист мамандары жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Осы жағдайға байланысты бүкіл аумақты полиция қоршауға алған.