Шетелдік баспасөзде Өзбекстан жайында
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Иттихад» басылымы туризм саласына маманданған жазушы Әли Юсуф Әл-Саадтың «Осы жолы Ташкент жайлы» мақаласын жариялады.
– Енді менімен Ташкентке саяхаттаңыз. Ежелгі Жібек жолының бойында орналасқан Өзбекстан туралы, атап айтқанда Ташкент, Бұхара және Самарқанд секілді ұлы тарихи-мәдени байлық пен күш-құдіретті сипаттайтын ел туралы айтқым келеді.

Өзбекстанның астанасы Ташкент – халық саны жағынан Орталық Азиядағы ең үлкен және ең көне қалалардың бірі.
2200 жылдан астам тарихы бар бұл қала қорғаныс қабырғасымен қоршалған ғажайып бекіністен әлемдегі ең ірі астаналардың біріне айналды. Қала әртүрлі тарихи кезеңдерде түрлі атаумен аталған. Бұл өлкеде Қожа Ахрар Валий, Шейх Омар Бағыстаний, Әбу Бәкір Шоший, Әбу Сүлейман Банокатий, Хафиз Кухаки сынды ұлы ғұламалар өмір сүріп, шығармаларын жазған.
Ташкент туралы алғашқы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы шығыс деректерінде кездеседі. Қытай тарихшылары бұл қаланы Юни деп атады, ал Парсы патшасы Шапур I б.з.б. 262 жылы жазылған «Зороастризм Қағбасы» жазбасында өлкені «Чоч» деп атаған:

– «Чоч» алтынды, асыл тастарды, тәттілер мен асыл жылқыларды басқа қалалар мен елдерге экспорттаудың торабында орналасқан.
Ташкент теңізге шыға алмайтын жерде орналасқанымен, мен мұнда баруға тұрарлық көптеген қызықты нәрселерді көрдім.
Мәселен, XVI-XX ғасырларда салынған Хазірет Имамның тарихи ескерткіші адамды өркениеттің терең тамырына жетелейді. Кешен имам Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Әли Исмаил Қаффол Аш-Шаший бейітінің айналасында бой көтерген. Қабір, зират және оның айналасына салынған сәулет кешені Хазірет Имамның есімімен аталады. Ислам дінінің жетекшісі, уағызшы, теолог, шейхул-ислам Ишан Бабахан да осы жерде жерленген.

Мұндағы жасыл желекке оранған кешенде халық жәрмеңкелері ұйымдастырылған. XІX ғасырдың ортасында Ташкент намазханасы – «Тиллашайх» мешіті, «Муйи Мубарак» медресесі салынған. «Муйи Мубаракта» Усман Мсхафи бар - қасиетті Құран Кәрімнің бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне қолжазбасы бар. 1997 жылы Хиджаз жазуымен жазылған қолжазба ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енген.
Қазіргі уақытта Хазірет Имам кешені құрамында Өзбекстан мұсылмандарының кеңсесі де орналасқан.
Ташкенттегі тағы бір сәулет ескерткіші – , XVI-XІX ғасырларда салынған «Шейх Хованди Тохур» кесенесі. Зиярат кешенінің ішкі қабырғасы аркалы, терезелері торлы тақтайшамен, бөлмелері күмбезбен жабылған.
Егер Ташкентке келсеңіз, Тәуелсіздік алаңы, Науаи саябағы, Әмір Темір алаңы мен Телемұнараны көрмей кетпеңіз.
Өз басым мені Ташкенттің туристік инфрақұрылымы, оның ішінде жолдар мен қонақүйлердің көптігі таң қалдырды.
Өзбек халқы ежелден, ақкөңіл, қонақжай халық. Көпұлтты қалада 15 мұражай, 3 мың кітапхана үнемі халықтың назарында.
Сондай-ақ, өзбек тағамдары бөлек тақырып. Ұлы Жібек жолының арқасында жергілікті асханаларда Иран, Қытай және Араб тағамдарына әсері айқын көрінеді. Негізгі ұлттық тағам – палау. Туралған ет пен қамырды - нарынды жеуді ұмытпаңыз. Бұл өлкеде нансыз дастарханды елестету мүмкін емес. Өзбек халқы шайды жақсы көреді. Бұл тамаша бейнені көру адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Келесі жолы Бұхара, Самарқанд, Хиуа қалаларын сапарлауды көздеп, Ташкенттен үлкен әсермен оралдым.
Әли Юсуф Әл-Саад,
жазушы, БАӘ