БАӘ өзбекстандықтардың елге кіруінің жаңа ережелерін бекітті
Біріккен Араб Әмірліктеріне өзбекстандықтардың елге кірудің жаңа ережелері белгіленді.
Uzbekistan Airways компаниясының хабарлауынша, 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап Өзбекстан мен Тәжікстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне бара жатқан жолаушылар бірқатар міндеттемелерді орндайтын болады.
Олар: сынамалар алынған күннен бастап 48 сағаттан кешіктірмей берілген, COVID-19-ға қарсы теріс сынақ нәтижелері туралы жарамды сертификатты ұсыну; Дубай/Шарджа әуежайына келгеннен кейін әуежайда ПТР сынамасын тапсыру;
Жолаушы сынақ нәтижесін алғанша оқшаулануы керек.