Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАӘ – Өзбекстан Іскерлік кеңесі құрылды
14:22 / 2021-08-26

Ташкент қаласында Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бизнес-форумы өтіп, форум соңында БАӘ – Өзбекстан Іскерлік кеңесі құру жөнінде келісім жасалды.

«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, атаулы шарада шетелдік делегацияға БАӘ Экономика министрі Абдулла бен Тук әл -Марри, Өзбекстан делегациясына Премьер-Министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков басшылық еткен.

Шара барысында екі елдің іскер топтарының өкілдері арасында кездесулер өтіп, тараптар Өзбекстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ өзара тиімді сауда келісімдерін жасау мүмкіндігін талқылады.

Форум соңында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, оның ішінде Өзбекстан-БАӘ Іскерлік кеңесін құру туралы келісім, Өзбекстанның «World Logistics Passport» халықаралық сауданы жеңілдету бағдарламасына қосылуы туралы келісім, Өзбекстан-БАӘ инвестициялық компаниясы және «E20 Investments. Ltd.» арасында Өзбекстанда шие мен жидек өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісім, сондай -ақ Ташкент инвестициялар және сыртқы сауда басқармасы мен Абу-Даби экономикалық даму басқармасы басшылығымен бекітілген экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.