БАӘ Өзбекстанға коронавирусқа қарсы күрес үшін гуманитарлық көмек жіберді
Біріккен Араб Әмірліктері Өзбекстанға COVID-19 індетіне қарсы күрес үшін 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Біріккен Араб Әмірліктері Өзбекстанға COVID-19 індетіне қарсы күрес үшін 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Өзбекстанның Абу-Дабидегі елшілігінің хабарлауынша, атаулы гуманитарлық жүк құрамында өкпені жасанды желдету жабдықтары, оттегі концентраторлары, ПЦР-зертханалары мен экспресс-тестілеу жүйелері және көмекші медициналық жабдық орын алған.
Медициналық жүк Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігіне елдің барлық аймақтарына тарату үшін тапсырылады.
Бұл коронавирустық жағдайда БАӘ-нің COVID-19 таралуына қарсы Өзбекстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберген төртінші реткі медициналық өнімдері. Пандемия басталғаннан бері Өзбекстанға 51 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.