Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАӘ-ның «DP World» компаниясы Ташкент облысында үлкен логистикалық орталық салады
10:25 / 2021-05-19

Біріккен Араб Әмірліктерінің әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі «DP World» компаниясы Ташкент облысында үлкен логистикалық орталық салмақ.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков Біріккен Араб Әмірліктерінің «DP World» компаниясы басшылығыныі өкілі, цифрлық технологиялар және логистика жөніндегі бас атқарушы директоры Майк Бхаскаранмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Науаида «құрғақ порт» құру жобасы аясында Ташкент облысында ірі логистикалық орталық пен еркін экономикалық аймақ салу, сондай-ақ Ташкент қаласы мен ел аумағында логистикалық орталықтар желісін дамыту мәселелерін талқылады.

Бұл жоба Өзбекстан аумағы арқылы өтетін жүк көлемін ұлғайтуға, отандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетуге және Өзбекстанның Орталық Азиядағы ірі логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай жобаның практикалық кезеңіне көшуді тездету туралы келісімге қол жеткізілді.

Кездесу барысында тараптар Дубай әмірлігі үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылған «World Logistics Passport» халықаралық саудаға көмек бағдарламасына Өзбекстанның қосылуы туралы мәселе де қаралып, тиісті келісімге осы айдың соңына дейін қол қоюға уағдаласты.