Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАӘ-нің «Phanes Group» компаниясы Науаи облысында күн электр станциясын салады
11:00 / 2021-04-07

Біріккен Араб Әмірлігінің «Phanes Group» халықаралық компаниясы Науаи облысының Нұрата ауданында күн электр станциясын (КЭС) салу туралы инвестициялық келісімге қол қойды.

ӨР Энергетика министрлігі мен «Phanes Group» халықаралық компаниясы арасында КЭС салу бойынша және келісім жасалды. Құжатта келісім бойынша қуаты 200 МВт болатын күн фотоэлектрлік станциясын құру, басқару және жұмысының техникалық және коммерциялық шарттары мен 60 км ұзындақтағы 220/110 кВ қосалқы станциясының құрылысы көрсетілген.

2012 жылда негізі қаланған «Phanes Group» халықаралық компаниясы бүгінге дейін Африка, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде жалпы қуаты 130 МВттан жоғары болған экологиялық таза энергия көздерін құрған.