БАӘ мен Өзбекстанның сыртқы істер министрі кездесті
Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид Әл Нахаян Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидовты қабылдады.
WAM ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар, экономика, инвестиция және сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
- Кеңейтілген күн тәртібінде әріптестікті одан әрі тереңдетуге, халықаралық ұйымдар аясында дәйекті диалогты жалғастыруға бағытталған ұсыныстар енгізілді, - деді Саидов.
Кездесуде Өзбекстан мен БАӘ сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара тиімді диалогтың мазмұнын байыту шаралары да белгіленгені атап өтілді.