БАӘ мен Өзбекстан компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстан компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу аясында ӨР Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өкілдері, Өзбекстанның «Solar Nature» және Әмірліктердің «Imperial Energizing Communities» компанияларының басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, «Imperial Energizing Communities» компаниясы республикада күн батареяларын шығаруды ұйымдастыру үшін Өзбекстанның «Solar Nature» компаниясына озық технологиялар мен «ноу-хау» ұсынады.
Дубай Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Мухаммед Әли Рашед Біріккен Араб Әмірліктерінің стратегиялық әріптесі Өзбекстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өткен.