БҰҰ Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды уақытша алып тастады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды уақытша алып тастады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) КХДР-ға шатырларды әкелуге рұқсат беретін санкциялардан босатуды мақұлдады.
Бұған дейін, 20 шілдеде БҰҰ-ның санкцияларды қадағалау комитеті бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін КХДР-ға бес «көп мақсатты» шатырды әкелуге салынған тыйымды уақытша алып тастауды мақұлдаған болатын. Осылайша, БҰҰ Солтүстік Кореяға құрғақшылық пен басқа да төтенше жағдайлармен күресуге көмектескісі келеді.
Комитет өкілдерінің айтуынша, санкциядан босату тоғыз ай бойы күшінде болады. Бірақ тауарлардың Солтүстік Кореяға қашан жеткізілетіні белгісіз, өйткені Пхеньянда COVID-19 пандемиясына байланысты әлі де өте қатаң шекара бақылауы бар.