Бішкек деклорациясы қабылданды
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан кейін қол қою рәсімі өтті.
Онда, Бішкек декларациясы қабылданып, мүше мемлекеттер арасында әр түрлі салалардағы әріптестікті дамытуға және Шанхай ынтымақтастық ұйымының басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына қатысты 22 құжатқа қол қойылды.

Өзбекстан Президентінің ұсынысына байланысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығы және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы қабылданды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының келесі отырысы 2020 жылы Ресей Федерациясында 22-23 шілде айында өтетін болды.

Сонымен Қырғызстан астанасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті Мемлекет басшылары кеңесінің 19-шы отырысы аяқталды.






Өзбекстан Респуьликасы Президенті Шавкат Мирзияев Азиядағы әріптестік және сенімді шаралар жөніндегі кеңестің бесінші саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласынан Тажікстан астанасы Душанбе қаласына ұшып кетті.
Өзбекстан Респуьликасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.