БҰҰ Ресей өткізген референдум нәтижелерін мойындамайтын қарар қабылдады
БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаның төрт аймағының Ресейге қосылуы, сондай-ақ Украинадағы жағдай бойынша референдум нәтижелерін мойындамайтын қарар қабылдады.
12 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға байланысты отырысы өтіп, онда жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша бұл шешімге қарсы 143 мемлекет дауыс берген болса, 5 мемлекет қолдап, тағы 35 мемлекет қалыс қалған.
БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған құжатта «Украинаның халықаралық мойындалған шекараларындағы егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына берілгендік» айтылған.