Бүгінгі таңда Дүниежүзінің халқын жаһандық жылыну, қақтығыстар мен дискриминациялық жағдайлар мазалайды.
БҰҰ жаңалықтар қызметі ЮНЕСКО сауалнамасының тиісті нәтижелеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған мәліметінде айтылуынша, Жер шарында өмір сүретін тұрғындардың 67%-ы жаһандық жылыну мен флора және фауна түрлерінің кенеттен жойылып кетуіне алаңдайды.
«Әлем 2030 жыл» деп аталып жүргізілген сауалнамаға 15 мың адам қатысып, қызығушылық танытқан жандардың 57% -ы 35 жасқа дейінгі жастарды құрағандығы айтылады.
Олардың пікірінше Әлемдегі екінші маңызды жаһандық проблема қақтығыстар мен зорлық-зомбылық, үшіншісі - кемсітушілік пен теңсіздік, төртіншісі - су, тамақ, баспана тапшылығы.
Жаһандық проблемаларды шешу мәселесіне қатысушылардың көпшілігі бұл проблемаларды шешудің кілті жақсы білім екенін айтқан. Әлем халқының көпшілігі ғаламдық мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастық қажет санайды. Бірақ қатысушылардың тек 25 пайызы ғана елдер бір-бірімен тіл табыса алады деп есептейді.
Бұған дейінгі мәлімдемелерге үйенсек ЮНЕСКО-ның бас директоры Одре Азуле 2030 жылға қарай әлем халқының 40 пайыз су тапшылығына тап болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, су тапшылығына байланысты жағдай басқа да ғаламдық проблемалар, соның ішінде пандемияның әсерінен ауырлайды.