Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Пәкістандағы су тасқыны шығынын 30 млрд долларға бағалады
10:14 / 2022-09-10

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Пәкістанның су тасқыны салдарынан 30 миллиард доллар шығынға ұшырағанын айтты.

Пәкістандағы су тасқынына маусым айының ортасында жауған муссондық жаңбыр себеп болды.

«Табиғат кері әсер етуде. Бүгін Пәкістан, ертең бұл басқа елде болуы мүмкін. Пәкістанға 30 миллиард доллар қаржылай көмек қажет», деген Антонио Гутерриш.

Жаз мезгілінде Пәкістанда соңғы 30 жылда рекордтық жауын-шашын болды. Муссондық жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асып, өте көп аумақтарды су басты. 

Пәкістанның Табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметі бойынша, су тасқынынан 1391 адам қаза тауып, 12722 адам жарақаттанып, 1,7 миллион үйге зиян келді.