БҰҰ-ның тұрғын үй құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Балакришнан Раджагопал 19-30 тамыз күндері Өзбекстанға келеді.
Балакришнан Раджагопал өзінің сапары барысында ұлттық заңнама мен тәжірибеде тұрғын үй құқығының қорғалуы мен жүзеге асырылуын, соның ішінде тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жеткіліктілігін, қызметтерге қол жеткізуді және мәжбүрлеп көшіруді қарастырады.
Онда Өзбекстанның елдегі барлық халық топтарының тұрғын үй құқығын пайдалануын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралары талданады. Арнайы баяндамашы сонымен қатар климаттық дағдарыстың тұрғын үй құқығына және халықтың тұрғын үй және қала құрылысы шешімдерін қабылдауға қатысуына әсерін зерттейді.
Сапар барысында БҰҰ баяндамашысы Ташкент, Жызақ, Самарқанд және Бұхара сияқты қалаларды және олардың жақын аудандарын, оның ішінде студенттер жаьақханасы мен отбасында түрлі қиындықтарды бастан кешірген немесе баспанасыз қалған адамдарға арналған тұрғын аудандарды аралайды деп күтілуде.
Сапар соңында БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сарапшының БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне сапары туралы есебі 2025 жылдың наурыз айында ұсынылады.