English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ-ның Ауғанстанға гуманитарлық көмек жүгі Термез арқылы жіберілді
15:18 / 2021-12-15

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға арналған гуманитарлық көмек жүгі Сұрхандария облысы Термез қаласы арқылы жіберілді.

Сұрхандария облысы әкімдігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 15 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) гуманитарлық көмегі тиелген екі арнайы жүк көлігі Термез арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелтілді.

Гуманитарлық көмек БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары (БҰҰ БЖКБ) басқармасының Сұрхандария облысындағы «Termez Cargo Centre» орналасқан гуманитарлық орталығынан көрші елге қырық тонна жүк жіберілді.

Орталық өзбек-ауған шекарасынан екі шақырым жерде орналасқан, мұнда тауарды сақтау және көрші елге оны жөнелтуге жеткілікті жағдай жасалған.

Ауғанстанға жіберілген алғашқы қырық тонна гуманитарлық көмектің құрамында ас үй ыдыстары және басқа да ең қажетті заттар бар.