БҰҰ-ның арнайы өкілімен Ташкентте кездесу өтті
Ташкенттегі Орталық Азия халықаралық институтында (ОАХИ) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының аймақ бойынша арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия орталығының басшысы Каха Имнадземен кездесу өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегі туралы жан-жақты пікір алмасты.
К.Имнадзе Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Орталық Азия елдері арасындағы достық қарым-қатынастарды тереңдетуге бағытталған белсенді саясатын жоғары бағалады.
Кездесуде өңірдегі бес елдің сыртқы істер министрлері орынбасарларының жыл сайынғы кездесуі, аймақтағы жетекші талдау орталықтары сарапшыларының тұрақты диалогы алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін практикалық мазмұнмен толықтыруға қызмет ететіні айтылды.
Шара соңында сарапшылық диалогты одан әрі нығайту және бірлескен іс-шараларды өткізу мақсатында ОАХИ мен орталық арасындағы тұрақты байланысты жалғастыруға келісілді.