Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ әлемдік қақтығыс салдарынан босқындар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін жариялады
13:27 / 2021-10-29

БҰҰ әлемдік қақтығыстар нәтижесінде Жер бетінде босқындар саны 48 миллионға жеткенін жариялады.

Ұйымның ішкі қоныс аударғандар жөніндегі арнайы баяндамашысы Сесила Хименес-Дамари 28 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитетінде сөйлеген сөзінде, «Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан өз орындарын тастап кеткен адамдардың саны дүние жүзінде 48 миллионға жетті, бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш», - деді.

Баяндамашының пікірінше, қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтың барған сайын күрделене түсуі жағдайында халықаралық гуманитарлық және адам құқықтары туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету барған сайын қиындай түсуде.